USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қырағы иттер 316 қылмыстың бетін ашуға көмектесті

Қырағы иттер 316 қылмыстың бетін ашуға көмектесті

Шығыс Қазақстан полицейлері биыл қызметтік иттердің көмегімен тоғыз қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде үшеуі тонау қылмысы екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылы маңындағы шаруа қожалығының бірінен белгісіз біреулер бір тонна күнбағыс және 500 келі бидай тұқымын ұрлаған. Осының салдарынан қожалыққа 165 мың теңгенің шығыны келтірілді.

Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған жергілікті полицейлер қызметтік иттің көмегімен ұрылардың ізіне түсіп, қылмысты дер кезінде ашқан. Осының арқасында қолды болған дүние шаруа қожалығына қайтарылды. Ал аталмыш іске қатысы бар 43, 38 және 19 жастағы осы ауылдың үш тұрғыны қамауға алынып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, Шемонайха ауданындағы фермалардың бірінен 2,5 тонна жемнің жоғалу қылмысы да қызметтік иттің арқасында ізі суымай ашылды.

Атап өтер жайт, былтыр Шығыс Қазақстанның құқық қорғаушылары қызметтік иттердің көмегімен 316 қылмыстың бетін ашыпты. Сондай-ақ, қырағы иттер заңсыз айналымнан 86 келі есірткіні тәркілеуге де жәрдемдескен.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде