USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО әкімінің жүлдесіне бокстан халықаралық турнир басталды

ШҚО әкімінің жүлдесіне бокстан халықаралық турнир басталды

ШҚО-да облыс әкімінің жүлдесіне жасөспірімдер арасында бокстан халықаралық турнир өтуде. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байрақты бәсекеде Қазақстанмен қатар, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Моңғолиядан келген 300-ге жуық спортшы сыңға түседі, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Шараның ашылу салтанатында Қазақстанның Олимпиада Чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Серік Сәпиев қатысты. Даңқты былғары қолғап шеберлері Шығыс Қазақстанда спорт саласының дамуына айтарлықтай көңіл бөлінгенін атап өтті. Сөз соңында чемпиондар аймақ басшылығына алғыстарын айтып, естелікке сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар турнирге қатысушыларды облыс басшылығы атынан құттықтап, сәттілік тіледі.

ШҚО әкімінің жүлдесіне бокстан халықаралық турнир басталды

- Шығыс Қазақстан ел намысын әлемдік додаларда қорғап жүрген бірқатар спортшылардың мекені. Олардың барлығы осындай сайыстарға қатысып, жаттығып, шыңдалған. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған сайыс та жаңа чемпиондардың, әлемдік бәсекеде көк туымызды желбірететін жаңа спортшылардың шығуына септігін тигізеді. Турнирде келіп, жасөспірім боксшыларға қолдау көрсетіп отырған Олипиада Чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Серік Сәпиевке облыс басшылығы атынан алғыс білдіремін, - деді Жақсылық Омар.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда шығыста облыс әкімінің жүлдесіне арналған халықаралық деңгейдегі бокстан турнир бірінші рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл сайысты жылдағы дәстүрге айналдыруды мақсат тұтып отыр. Ал, бұл жолғы турнирдің ақтық ақпанның 13-і күні өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: шқо әкімі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде