USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Балаға тегін протез жасап берді

Балаға тегін протез жасап берді

ШҚО Жарма ауданының 13 жастағы тұрғыны Әкежан Арғынғазинге алматылық компания тосын сый жасады. Бұл 3D-принтерде басылған қозғалмалы протез оның қолының жарты бөлігін алмастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жуықта танымал тележүргізуші Аружан Саин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Әкежанға протездің сәтті салынғанын хабарлаған болатын.

- Жаз мезгілінде бізге Creat3D Kazakhstan компаниясының өкілдері қолы жоқ бала болса, оған протез жасап берейік деп хабарласты. Содан фейсбук әлеуметтік желісі арқылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында 13 жасар Әкежан есімді баланың онкологиялық науқасқа ұшырағанына байланысты қолынан айырылып қалғанын білдік, - деп жазыпты жеке парақшасында Аружан Саин.

Тележүргізушінің айтуынша, осыдан бір жарым жыл бұрын баланың оң жақ бас бармағы ауырып, физио-емнің көмегіне жүгініпті. Өкінішке қарай, бұл емнің де көмегі болмаған. Кейін мұның қатерлі ісік екені анықталып, Әкежанның қолын шынтағына дейін алып тастауға тура келіпті.

Айтпақшы, Әкежанға жасанды қолды жасап берген мамандар ең алдымен протезді арнайы құрылғыда басып шығарып алғандығын айтты.

«Протездің дизайнын АҚШ-тағы инженер, студент, профессорлар ойлап тапқан» - деп жазады аталмыш компанияның басшысы Ирина Абасова. - Олардың сайтында 3D-принтердің көмегімен басып шығарып алуға болатын протездің бірнеше түрі бар. Енді елімізде 3D-принтерді қолдану технологиясын пайдалану қарқынды түрде жүреді деген ойдамыз. Осыдан бастап Әкежан протездегі жасанды саусақтардың көмегі арқылы өзіне керек затын ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ алатын болды».

Аталмыш жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, Әкежанның қолына протезді таққан кезде оның қуанышында шек болмапты. Тіпті, инженерлер оған протезді жаңа жылға сыйға тартпақ болыпты. Алайда баланың қолының өлшемін алып, әрі қарай жасау үшін біраз уақыт жұмсалыпты.

Енді Әкежанның жаңа қолына үйреніп кетуі үшін оған қамқорлық танытқан адамдар Семейден психолог маман іздестіріп жатыр екен. Аружан Саинның айтуынша, болған оқиғадан кейін бала өз-өзінен тұйықталып қалыпты. Сондықтан, оның өмірге икемделіп кетуі үшін психолог маманның көмегі қажет көрінеді.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде