USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бала туу көрсеткіші өсті

Бала туу көрсеткіші өсті

Былтыр Өскемен қаласында бала туу көрсеткіші өсті. Демек, аналар өлімі тіркелмеген, ал нәрестелер өлімінің саны біршама азайды. Бұл туралы қала әкімі Темірбек Қасымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осылайша Өскеменде бала туу көрсеткіші 6,1 пайызға, халықтың табиғи өсімі 27 пайызға артты. Ал аналар өлімі мүлде тіркелмеген, нәрестелер өлімі 11,5 пайызға азайды.

- Жоғары технологияларға негізделген денсаулық сақтау жүйесін енгізу арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартып отырмыз. Біздің дәрігерлер шетелдік клиникаларда біліктілікті арттыру үшін арнайы курстарда оқуда, - деді Темірбек Қасымжанов.

Әкімнің айтуы бойынша, медициналық кадр тапшылығын жою және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі биыл да өз жалғасын таппақ. Шаһарымызда Семей мемлекеттік медицина университетінің филиалы ашылып, жас мамандарға арналған жатақхана құрылысы басталған. Сондай-ақ, облыстық аурухана базасында Call-орталығы, екі медициналық және облыстық оңалту орталығы ашылған болатын.

Гүлден Шәкәрімова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде