USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бүркітшілер сайысы тұңғыш рет Шығыс Қазақстанда өтті

Бүркітшілер сайысы тұңғыш рет Шығыс Қазақстанда өтті

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай облысымыздың тарихында тұңғыш рет Үржар ауданында «Қансонар-2016» деп аталатын бүркітшілердің Х республикалық чемпионаты өтті. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан келген 31 бүркіт пен 4 қаршығаны баптап салушылар Мақаншының іргесіндегі Жайтөбе бауырында екі күн бойы жарыстың көрігін қыздырды.

- Бұл шараны жоғары деңгейде өткізуге Қазақстан бүркітшілер одағының мүшесі, ұлттық өнердің майталман шебері Тәттімбет Кәпұлы бастаған үржарлық жерлестеріміз үлкен үлес қосуда. Ата-бабамыздан қалған мұраны ұлықтауға еліміздің 11 өңірінен келген бүркітшілермен бірге Үржар ауданының құсбегілері де атсалысып жатыр, - дейді аталған шараның өтуіне қолдау көрсеткен Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин.

(Үржар ауданында өткен бүркітшілер сайысы туралы толығырақ материалды газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Бүркітші
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде