USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Оқушылар гимнастикадан өзара сынға түсті

Оқушылар гимнастикадан өзара сынға түсті

Тәуелсіздіктің 25-жылдығы - 25 нақты істерге орайластырылған «Мектеп - денсаулық аумағы» қалалық жобасы шеңберінде Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясында «Күш пен әсемдік» атты спорттың түрінен гимнастика жарыстар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа үш жас ерекшелігі бойынша іріктеліп алынған оқушылар қатысты.

Қатысушылар акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларымен қатар гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығуларды жасады. Сонымен қатар, турникте тартылу, 30 секунд ішінде секіртпеде секіру және еркін жаттығулар бойынша өнер көрсетті. Осы орайда жарыстың Қазақстан Ұлттық Федерациясының чирлидинг талаптарына сәйкес жүргізілгенін айта кеткен жөн. Жарыста қазылық еткен Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің Дене тәрбиесі бөлімінің аға оқытушысы, спорттық гимнастика бойынша спорт шебері С.Полякованың айтуынша, оқушылардың бет алысы жаман емес.

- Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі қажет. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат - итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Сондықтан да балаларға әлі дайындалу қажет, - дейді Светлана Полякова.

Командалық жарыстар қорытындысы бойынша үшінші орынды - 3 «А», 5 «Б», 11 «Б» сыныптар иеленсе, екінші орынға 2 «Б», 4 «Б», 7 «Б», 8 «Б» сыныбының оқушылары табан тіреді.

Ал жүлделі бірінші орынды - 2 «А», 4 «А», 5 «А», 10 «Б» сыныбының балалары жеңіп алды.

Бағдарламада түрлі бөлім бойынша жеңімпаз һәм жүлдегер атанғандар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал жарыстағы барлық бағдарламаға қатысқан 12 оқушының оны жүлдегер атанды. Оның ішінде, Регина Козлова, София Слабкова, Ксения Малышева, Айсана Ұлықпанова, Сара Оспанова, Асанәлі Хусаинов, София Буренкова, Валерия Иванова, Адам Тургаев, Дарья Щукина бар.

Айтпақшы, оқушылар арасындағы бұл жарыс чирлиндинг бойынша қалалық және республикалық сайыстарға қатысуға мүмкіндік алатын үздік командаларды іріктеу үшін ұйымдастырылып отыр.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде