USD 311.59
EUR 349.39
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қатты қалдықтарды сұрыптайтын цех ашылады

Қатты қалдықтарды сұрыптайтын цех ашылады

Семей қаласында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған «Даму» қоры жақсы жұмыс істеп тұр. Осы қор арқылы жүзеге асырылатын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы тағы да Елбасы Жолдауынан көрініс тапты. Бұл бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда кәсібін ашам деген азаматтарға үлкен қолдау болмақ.

Мәселен, бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, жобаға қатысушылар санын арттыру көзделген. «Даму» қоры арқылы бизнес жоспарын іске асырғысы келетіндердің бірі - Айдар Жанабеков. Қазір ол серіктесімен бірлесіп, полигон аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған цех салып жатыр. Кәсіпкер «Даму» бағдарламасы арқылы білім алып, біліктілігін шыңдаған. Былтыр жылына 14 пайыздық мөлшерлемемен алған 20 миллион теңге көлеміндегі несиесінің 7 пайызын мемлекет төлейді. Ол кәсіпорынды көктемде іске қосуды мақсат етіп отыр, бұл қала тұрғындары үшін игі жақсылықтың бастамасы болары сөзсіз.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде