USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Елік-маралдар қалың қарға батып жатыр

Елік-маралдар қалың қарға батып жатыр

ШҚО Көкпекті ауданына түскен биіктігі екі метрге дейін жететін омбы қарға елік-маралдар батып жатыр. Қалың күртікке қамалған даланың ашатұяқтылары аштан өлудің аз-ақ алдында, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тас жолдарда табиғатқа тұтқын болған адамдарды айтпағанда, Көкпектінің тау-тасы мен жазығын мекендейтін ұшқан құс, жүгірген аңның барлығы биылғы қыстан қиындық көруде. Жуықта, аудандағы Жансары учаскесі мен Үлкен Бөкен ауылының арасынан орманшылар екі метрлік қарды омбылаймын деп қалжырап жатқан маралды байқаған. Құтқару операциясына облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас инспекторы Аркадий Старцев бастаған орманшылар мен Үлкен Бөкен ауылының жігіттері атсалысты. Олар орманға дейінгі қарды атпен таптап жол салды. Межелі орынға арнайы жол талғамайтын көлікпен бір тонна шөп жеткізіп, маралды пішен төгілген орынға айдап әкелді. Сөйтіп, дала жануарын қыс бойғы азықпен қамтамасыз етті.

Дәл осы топ Қайыңды орманынан қар кешіп жүріп, Лайлы сайына түсіп кеткен тағы бір маралды құтқарды. Мұндағы қардың қалыңдығы тіпті орасан, үлкен маралдардың өзі жүре алмайтын деңгейде. Ашыққан жануар Өскемен - Самар тас жолына шығып кетіп, қаңғалақтап жүрген.

А.Старцев бастаған құтқарушылар тобы маралды жол тазалау бекетінің қашасына айдап әкеліп, маяның түбіне қойды. Артынан анықталғандай, бұл жануар маңайдағы марал шаруашылығынан болып шықты. Бұдан кейін құтқарушылар шаруашылық басшысына хабарласып, жоғалтқандарының табылғанын жеткізді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде