USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Бір ел - Бір тағдыр» акциясының басталу салтанатына ШҚО-да 3 500-ге жуық адам қатысты

«Бір ел - Бір тағдыр» акциясының басталу салтанатына ШҚО-да 3 500-ге жуық адам қатысты

ШҚО-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір ел - Бір тағдыр» акциясы басталды. Аталған акция барысында Өскеменде тәуелсіздік пен бейбітшілікті ұлықтайтын бірнеше шаралар өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Акцияға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйым мүшелері, ЖОО студенттері қатысты. Шараға қатысқан жастар тәуелсіздіңктің 25 жылдығын бейнелейтін «25» санының бейнесінде тұрып, шарларды ұшырса, шаңғышылар 25 км қашықтыққа жүгіріп өтті. Сонымен қатар, акция 100-ге жуық бала қатысқан мұз айдынындағы флеш-мобпен жалғасты.

«Бір ел - Бір тағдыр» акциясының басталу салтанатына ШҚО-да 3 500-ге жуық адам қатысты

- Бұл жыл Қазақстан халқы үшін атаулы жыл. Себебі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар аралығында еліміз көптеген сынақтардан өтіп, бірқатар жетістіктерге жетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлем таныды, - деді акцияға қатысушыларды құттықтаған жазғы Олипиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова.

Тәуелсіздік мерейтойына арналған шаралар легі мұнымен тоқтап қалмайды. Сағат 15:00-де Пушкин атындағы кітапханада кітап көрмесі өтіп, көрме аясында қала жастары блогер Ринат Халиковпен кездеседі. Ал 16:00-де 19 аудан мен қаланың қатысуымен «Туған жер - алтын бесігім» атты гала-концерті өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде