USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Екі тауарлы-сүт фермасы салынады

Екі тауарлы-сүт фермасы салынады
Риддерде азық-түлік белдеуін қалыптастыру жұмыстары мықтап қолға алынған. Облыс әкімінің тапсырмасымен тауарлы-сүт фермалары құрылып, малға жем-шөп әзірлеудің тың жолдары қарастырылуда.

Шаћар басшысы Жомарт Мұратовтың айтуынша, болашақта жем-шөп әзірлейтін үлкен цех ашу көзделген. Онда жергілікті шаруашылықтар үшін құрама жем түрлері өндірілмек. Ал оған қажетті дәнді дақылдар мен екпе шөпті шаруашылықтар өздері өсірмек және Риддердің табиғи жағдайында жоғары өнім беретін түрлерін қолданбақшы.
– Бұған қоса екі тауарлы-сүт фермасын ашу жоспарда бар. Олар: «Дудкин» және «Достар» шаруа қожалықтарының бір мың және екі жүз басқа арналған фермалары. Мың бас сиыр ұстауға жеткілікті ғимаратты тиісті жөндеуден өткізіп, құжаттарын реттеген соң, Сергей Дудкиннің «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға өтінім беріп, қаржылай көмек алуға мүмкіндігі бар, – дейді қала әкімі.

Қазірдің өзінде «Дудкин» шаруа қожалығында 500 бас ірі қара болса, оның 200-ден астамы сауын сиырлар.

Серік Әбілхан
Ақпарат көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде