USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-ның Глубокое ауданында жаңа әкім тағайындалды

ШҚО-ның Глубокое ауданында жаңа әкім тағайындалды
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Қалихан Байғонұсов Глубокое ауданына әкім болып тағайындалды. Ауылшаруашылығы саласында еңбек тәжірибесі мол әкім, бұған дейін Катонқарағай ауданын басқарған.
Жаңа әкімді аудан активіне аймақ басшысы Даниал Ахметов таныстырды.

– Қалихан Бағонұсовтың мемлекеттік органдардардың әр түрлі саласында тәжірибесі мол. Бұл адам ауылшаруашылығы саласын сөз жүзінде емес, іс жүзінде біледі. Қалихан Байғонұсов өзіне атқарылған сенімді ақтайды деген ойдамын, - деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, облыс әкімі басқа қызметке орналасқан ауданның бұрынғы әкімі Арман Бекбосыновтың да атқарған жұмысы туралы айтып өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Қалихан Байғонұсов 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында дүниеге келген.
1984 жылы Өскемен қалалық жол-құрылысы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Мәскеу қаласындағы Замануи гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын Катонқарағай ауданының Коробихинский совхозында қарапайым жұмысшы, автомеханик ретінде бастады. Содан соң Черняховский атындағы совхоздың бас инженері, директордың орынбасары, партком хатшысы болып жұмыс істеді. 1994-1996 жылдары Коробихинский совхозын басқарды. Әр түрлі жылдары жеке құрылымдарда қызмет атқарған.

1998-2001 жылдары Катонқарағай ауданының Белов ауылдық округінде әкім болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болса, кейіннен Бесқарағай ауданына әкім болып тағайындалды. 2013 жылдың шілде айынан 2014 жылдың шілдесіне дейін ШҚО табиғат ресурстарын пайдалану және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарған. 2014 жылдың шілде айында Катонқарағай ауданына әкім болып тағайындалды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде