USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да ет өндірісінің көлемі артады

ШҚО-да ет өндірісінің көлемі артадыШҚО-да ет өндірісінің көлемін 1,5 %-ға арттырып, 246 мың тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Оның 63 тоннаға жуығы шетелге экспортқа шығарылмақ.

ШҚО Ақпараттық орталығында Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында көрсетілген мақсаттарды түсіндіріп, талқылауға арналған баспасөз мәслихаттарының легі басталды. Соның ішінде агроөнеркәсіпке қойылатын талаптар мен мақсаттардың іске асуы жайлы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев мәлімдеді.
– Қазіргі экономикалық тұрақсыздық жағдайында агроөнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыс жасауымыз қажет. Бұл жайлы Елбасы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтып өткен, – деді Ербол Қуанышев.

Сонымен қатар, сүт өндірісі де қарқын алуда. Жыл соңына дейін 9 жаңа сүт фермасы салып, 28 ферманы жөндеуден өткізіп, сүт өндірісін тағы 20 мың тоннаға көтеру жоспарланған.
2016 жылы экспорт көлемі өткен жылдан салыстырғанда 3,3 есе көбейіп, 132 млн долларға жетеді деп күтілуде.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде