USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тарбағатайда балабақшалар көбейіп келеді

Тарбағатайда балабақшалар көбейіп келеді
Соңғы екі жылда ауданымызда мемлекет пен жеке меншік әріптестіктің арқасында көптеген нысандар қалпына келтіріліп, ауыл тұрғындарының игілігіне айналуда. Әсіресе, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасы аясында ондаған балабақша пайдаланылуға берілді.

Атап айтсақ, Екпін ауылындағы екіқабаттық бұрынғы балабақшаны кәсіпкер Б.Қойбағаров қайта қалпына келтіріп, пайдалануға берді. Осындай екі қабатты ғимарат Құмкөл ауылында да пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Қазір аудан бойынша 17 ауылдық округтің шағын елді мекендерінің барлығында осындай жекеменшік әріптестіктің арқасында шағын орталықтар ашылған. Жекеменшік әріптестік пен мемлекеттің қолдауы арқасында бүгінде аудан бойынша 250-ден астам жұмыс орны ашылды. Ал жаңа жыл қарсаңында аудандағы ірі елді мекен «Көкжыра» ауылында 40 балаға арналған балабақша есігін айқара ашты. Маңырақ ауылында 2014 жылы жекеменшік әріптестік арқасында ауыл кәсіпкері Қ.Рақышев 32 орындық заманауи балабақша ашқан болатын. Жақында ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша бос тұрған меншік үй күрделі жөндеуден өткізіліп, тағы да 25 орындық балабақша ашылды. Балабақшаның ашылуына қатысқан аудан әкімі Д.Оразбаев ауыл тұрғындарының билік пен жекеменшік әріптестік арасындағы жұмыс жасау тәсілін толықтай түсінгенін айтады. Дәл осы күні ауданның шағын елді мекендері Байтоғас, Ахметбұлақ, Жаңаталап ауылдарында осындай жекеменшік әріптестіктің қатысуымен шағын мәдениет үйлері де пайдаланылуға беріліп, осы арқылы шағын елді мекендерде барлығы 12 жұмыс орны ашылды. Жекеменшік пен мемлекет арасындағы әріптестіктің тиімділігін түсінген Көктүбек, Шолақорда ауылдарының тұрғындары да өз ауылдарында балалардың шағын орталығын ашуды жоспарлап отыр.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде