USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Баспаналы болуға мүмкіндік мол

Баспаналы болуға мүмкіндік мол
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шығыс Қазақстан тұрғындарын өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы мен облыстық тұрғын үй құрылысы кешенді бағдарламасы аясында баспанамен қамтып келеді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында банк екі бағыт бойынша құрылыс жүргізуде. «Халықтың барлық санатын баспанамен қамту» бағыты бойынша 1810 пәтерді қамтитын 25 тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша келісім жасалған. Бүгінде сол үйлердің 15-і, яғни, 949 пәтер қолданысқа берілді. Қалған 861 пәтерді құрайтын 10 үйдің құрылысы келесі жылы жалғаспақ.

Бағдарламаның «Жас отбасыларға баспана» бағыты бойынша қолға алынған 542 пәтерлік жеті үйдің екеуі қолданысқа берілген. Осылайша биыл 107 жас отбасы қоныс тойын тойлаған. Келер жылы аталған бағдарлама шеңберінде Өскемен қаласында әрқайсысы 90 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталуы тиіс. Қаланың №19 шағын ауданындағы 49,59 және 61-жайғасымдарда орналасқан бұл үйлердің әр шаршы метрі сатып алушылар үшін 110 мың теңгеге түспек.

2016 жылы осы бағдарлама бойынша Өскемен қаласында 268 пәтерлік үш үйдің, Семей қаласында 369 пәтерлік бес үйдің құрылысы басталады.
- Меморандум шартына сәйкес бұл пәтерлердің де шаршы метрі қайталама нарықтағы бағадан айтарлықтай арзан болады, - дейді облыстық филиал директорының орынбасары Айнұр Мейірбаева. - Аталған бағдарлама облыстың барлық тұрғындарына арналған. Оның өзге бағдарламалардан айырмашылығы - салынып жатқан үйдің пәтеріне иелігінде баспанасы бар адамдар да алымшы бола алады. Аталған нысандардың барлығының қолданысқа беру мерзімі облыс басшылығы мен «Ертіс» ӘКК-нің қатаң назарында.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде