USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дипломы бар молдалар ауылға барады

Дипломы бар молдалар ауылға барады

Бүгінгі күні шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі - ауыл мешіттерінде молдалардың жетіспеушілігі. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында «Дипломмен - ауылға» жобасы қолға алынбақ. Бұл туралы ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық мешіттің бас имамы Ермек Мұқатай мәлім етті. Жаңа қызметіне кіріскен өкіл имамның айтуынша, өңіріміздің дін саласында осыған дейін атқарылып келген жұмыстар ары қарай да жалғасын тауып, қосымша тың бастамалармен толықпақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Біздің жұмыс діни басқарма бекіткен төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: молдалар мен имамдардың білімін жетілдіруді көздейтін оқу-ағарту, жастарға дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттайтын уағыз-насихат, мұқтаж жандарға көмек көрсететін қайырымдылық және теріс бағыттағы ағымдармен күрес. Негізінен осы бағыттар басты ұстаным болады. Сонымен қоса бұған дейін облыста жүргізілген жұмыстар да жалғаса береді. Ал жаңадан қолға алынатын бастамаларға келсек, «Дипломмен - ауылға» жобасымен жоғары білімді молдалар ауылдық жерлерге бет түзейтін болады, - деп атап көрсеткен Ермек Мұқатай бұл жобаны іске асырудың тетігі де ойластырылып қойғанын жеткізді.

Оның айтуына қарағанда, «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірген шығысқазақстандық кадрларды өзіміздің өңірге тартуға көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда аталған оқу орынында біздің облыстан отызға жуық бала оқып жатыр. Осы жас мамандар ауылдық жерлерге қызметке келгенде тұрақты жалақымен және баспанамен қамту мәселесі шешілмек. Былайша айтқанда, имамдар мен молдаларды әлеуметтік қолдау бір жүйеге келтіріледі. Бұған сол ауылдардың өзіндегі қалталы азаматтар, шаруашылық жетекшілері, жергілікті әкімдіктер қолдау көрсетпек. Қазірдің өзінде Тарбағатай ауданында молдалық етуге ниетті имамдар болса, еңбекақысын төлеп, үймен қамтамасыз ету жағынан көмектесуге дайын отырған ауылдар бар көрінеді.

Бұған қоса өкіл имам «Зекет» қорының жұмысы жанданып, Өскемен аймағындағы құжаттары дұрыс емес мешіттерді толықтай құжаттандыру секілді өзге де бірқатар шаралар жүргізілетінін хабарлады.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде