USD 310.83
EUR 349.96
RUB 5.5
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған кеш өтті

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған кеш өтті

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында 25-қарашада өткізілген Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған кеш «Жастық шақ - азаматтықтың басы» деп аталды. Кештің басты кейіпкерлері енді ғана 16 жасқа толып, қолдарына өздерінің алғашқы жеке бас куәліктерін алып отырған Қазақстан Республикасының жас азаматтары болды.

Мұражайдың акт залына жиналған қауымға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» бейнефильмі көрсетілді. Одан соң салтанатты кеш еліміздің ең басты әуені - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқаумен басталды. Отанымыз туралы, оның Тұңғыш Президенті туралы, өз елін шынайы сүю, оның лайықты азаматы болу деген не деген сауалдар төңірегінде әңгіме қозғалды. Кештің жүргізушілері залдағы халықты да, жас меймандарды да түрлі сұрақтармен әңгімеге тартып, салтанатты шараны жандандырып отырды.

Жеке бас куәлігін алу - жас адамдардың өміріндегі аса маңызды оқиға. Міне, дәл осы заңды құжат бізге мемлекетіміздің негізгі заңы - Конституциямен бекітілген құқықтар беріп, міндеттер жүктейді. Алғашқы куәлік алу күні - ересек, азаматтық өмірдің басы, дербес шешімдер қабылдап, өзің үшін, өзіңнің жақын адамдарың үшін және өз Отаныңның бақуаттылығы үшін жауапкершілік қабылдау кезеңі екендігі әңгімеленді.

Өскемендегі № 35 және № 38 орта мектептерінің өздерінің алғашқы куәліктеріне ие болған озат оқушыларын өнер мұражайының қызметкері, журналист, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ КСР-ның тұңғыш Президенті қызметіне кірісуіне арналған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сесиясының 1991 жылғы 10-желтоқсанда өткен салтанатты мәжілісіне қатысқан Айтмұхамбет Қасымов құттықтап, оларға ескерткіш сертификаттар мен өнер мұражайының көрмелеріне жыл бойы тегін кіретін абонементтер тапсырды.

Куәлік алған жастарды, сондай-ақ Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясы бөлімі бастығының орынбасары Қанат Бүкбаев, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, жазушы, биология ғылымдарының кандидаты Борис Щербаков, «Мой город» қоғамдық қорының директоры, ҚР Құрметті журналисі, ақын Геннадий Пуссеп және басқалар құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Қаладағы № 1 музыка мектебінің жас өнерпаздары кештің сәнін әсем әуен, әдемі әндерімен әрлендіріп отырды.

Зоя Смирнова,
ШҚ өнер мұражайының сектор меңгерушісі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде