USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аймақтық семинар аясында авторлық өлеңдер байқауы өтті

Аймақтық семинар аясында авторлық өлеңдер байқауы өтті

Ғұлама ақынның 170 жылдық мерейтойына Қазақ-американ еркін университеті де өз үлесін қосуда. Абайдың мол мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шара - ұлы ақынға деген ХХІ ғасыр ұрпақтары ілтипатының тағы бір көрінісі.

Жуырда универcитетте Абайдың 170 жылдығына арналған аймақтық семинар өтті. Оның аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркемсөз оқу сайысы, «Абай әндері» байқауы, қазақ және орыс тілдеріндегі Абайға арналған авторлық өлеңдер байқауы және ғылыми-практикалық конференция, шеберлік сыныптары, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған көрме ұйымдастырылды.

Университет президенті Ережеп Мәмбетқазиев ұлыларымызды ұлықтау - бүгінгі күннің міндеті екеніне тоқталып, заман өзгерген сайын Абай шығармалары жаңа қырларынан ашылып, қадірін арттыра түсетінін, ақынның мұрасы елінің рухани өміріндегі адастырмас темірқазық болып қызмет етіп келетінін атап көрсетті. Аудан-қалалардан келген көркемсөз оқу шеберлеріне ақшалай сыйлық тағайындалды.

Салтанатты рәсімге облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Роза Төлемісова, облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков, «Менің қалам» қоғамдық қорының атқарушы директоры Геннадий Пуссеп, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, абайтанушы Айжан Картаева қатысты.

Абай - әлемдік деңгейдегі тұлға. Мұның бір дәлелі ретінде ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласттың осы шараға арнайы Филиппин елінен бейнежолдама жіберіп, ақынның қара сөзін қазақша оқып беруін айтуға болады. Семинар қорытындысы бойынша конференция материалдары жарияланып, жас ақындар өлеңдерінің жинағы шықты.

Әлия Зүлкәрамқызы,
«Бриг» бизнес-мектебінің қазақ тілі мұғалімі
Өскемен
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: абай құнанбаев
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде