USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Нұржан Қуантайұлының жаңа кітабы шықты

Нұржан Қуантайұлының жаңа кітабы шықты

Нұржан Қуантайұлы лирикалық өлеңдерімен оқырманға жақсы таныс.

Бұған дейін ақынның «Күмбір» атты өлеңдер жинағы мен «Қараөзек» романы басылып шыққан еді. «Қараөзек» романы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәсі болған Хақназардың өмірін ғана емес, XX ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ қоғамындағы өзгерістерді, қазақ жастарының жаңа экономикалық қоғамдағы тыныс-тіршілігін шебер суреттейді. Бұл роман туралы жазушы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер: «Қараөзек» - қазіргі күрделі өміріміздің бетпердесін жұлып тастап, жан-жақты ашып, өткір, айқын суреттеп, ащы шындықтың көріністерін әшкерелеп, тартысты һәм әсерлі бейнелеген роман екеніне көзім жетті. Жас адамның зеректігіне, ойлылығына, байқампаздығына тәнті болдым, сүйсіндім. Базарлы экономиканың келеңсіздіктерін автор жіті байқаған, пайымдаған» деп жазған екен.

Жақында ақын, прозашы Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» атты жинағы жарыққа шықты. Жинаққа автордың «Қараөзек» романы, әңгімелері мен көркем аудармалары, өлеңдері топтастырылған. Поэзия әлеміне батыл қадам аттағаннан бері көптеген тамаша лирикалық өлеңдерді дүниеге әкелген Нұржанның поэзиясы әдеби сыншылар тарапынан да жоғары баға алып отыр. «Асыл сөз» атты жинаққа енген өлеңдері мен шығармалары оның аса биік көркемдік дәрежеге көтерілген ақын екенін айғақтайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Нұржан Қуантайұлы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде