USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жетім балаларға пәтер кілті табысталды

Жетім балаларға пәтер кілті табысталды

ШҚО Бородулиха ауылында бес қабатты тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Ауылдағы 50-ден астам отбасымен бірге Жаңа Шүлбі облыстық жетім балалар үйінің 10 тәрбиеленушісіне де жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа баспана көп жылдан бері иесіз тұрып, қаңырап қалған ғимарат болатын. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа баспана қабырғасынан бастап, шатырына дейін бастан-аяқ қайта салынып шықты.

Жаңа тұрғын үйдің ашылу салтанатында аудан әкімі Григорий Акулов баспананы мерзімінде, сапалы салып шыққан мердігер - «Семейпластком» ЖШС-не тұрғындардың алғысын жеткізе отырып, жаңа қоныс иелеріне табыс тіледі.

- Бізге қоңырау шалып, баспана берілетінін айтқанда, балаларымыздың қуанышында шек болмады. Балалар ешкімнің босағасында жүрмейтін болды, өз пәтерлері болады, бұл - аудан тарихында бірінші рет болып отырған қуанышты жағдай,-дейді балалар үйінің директоры Рауан Молжігітов.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жетім балалар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде