USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Торпедо» сырт айдында «Дизельді» ұтты

«Торпедо» сырт айдында «Дизельді» ұтты

Жоғары хоккей лигасындағы кезекті кездесуін сырт айдында өткізген «Торпедо» командасы 1:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жолы өскемендік жігіттердің қарсыласы Пензаның «Дизель» ұжымы болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жерлестеріміз ойынның алғашқы кезеңінде-ақ есеп ашып, кімнің кім екенін бірден аңғартты. Алдымен командаластары А.Шин мен Д.Есіркеновтің пастарын ұтымды пайдаланған Е.Белухин қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Артынша кездесудің 12-ші минутында П.Канарский мен Е.Гасников бір-бірімен тамаша пас алмасу арқылы В.Жильяковқа соққы жасауға аса оңтайлы сәт туғызып берді. «Торпедо» шабуылшысы мүлт кеткен жоқ. Таблодағы есеп - 0:2. Қонақтардың пайдасына!

Соғылған екі бірдей шайбадан есеңгіреп қалған айдын иелері естерін үшінші кезеңде бірақ жинады. Жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қарап қалмауды ойлаған «Дизель» хоккейшілері бар шеберліктерін салды. Нәтижесінде матчтың 59-шы минуты аяқталар сәтте қонақтар сапынан Чистяков есеп айырмасын бір шайбаға қысқарта алды. Бірақ таразы басын теңестіруге олардың уақыттары да, күш-қайраттары да жетпеді. Өйткені матч бойы жанталаса шабуылдаған «Дизель» командасының жігіттері тым шаршап қалған еді.

- Бүгін біз сапалы ойын өткіздік. Алайда біздің жігіттердің бұл кездесуде бар-жоғы екі шайба соғуы көңілге қонбады. Өйткені айдын иелері есеп айырмасын қысқартып қана қоймай, матч соңына қарай теңестіруге тырысты. Әйтсе де, шәкірттерім жақсы ойын өрнегін көрсетті, бірнеше қауіпті сәттер туғызды, - дейді «Торпедо» командасының бас бапкері Алексей Фетисов.


Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде