USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жылу мен ыстық су бағасын көтермек

Жылу мен ыстық су бағасын көтермек

«Согра ЖЭО АЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментке ыстық су мен жылуды өндірудің, жеткізудің және қамтудың шекті тарифтерін көтеруге өтінім берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап енгізілгелі отырған жаңа тариф 2016-2020 жылдарға арналған.

Аталған электр стансасында жылу энергиясын өндірудің қолданыстағы тарифі тұтынушылардың сараланған (дифференциалды) тобы бойынша биылғы маусымда ғана бекітіліп, енгізілген болатын. Жылу энергиясын жеткізу тарифі 2013 жылдың 1-сәуірінен бастап енгізілді. Жаңа Согра, Радужный, Солнечный кенттерін жылу энергиясымен қамтудың тарифі 2006 жылы енгізілген.

Жылу электр орталығының басшылығы кәсіпорынның тарифті көтеру себебін қолданыстағы тарифтердің жылу энергиясын өндіріп, жеткізуге, қамтуға кеткен шығындарды жаппайтынымен, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың көзі болып табылатын табыс көлемін арттыруға мүмкіндік бермейтінімен түсіндіріп отыр.

2014 жылы реттелетін осы қызметтерден келген шығын 194 млн. теңгені құраған көрінеді, бұл - жылдық айналымның 26 пайызы. Орталықтың 2015 жылы шеккен зияны 230 млн. теңге делініп отыр.

«Согра ЖЭО АЭС» ЖШС-нің облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментке беріп отырған қазіргі жобалық өтінімінде жылу энергиясын өндірудің шекті тарифі 4 257,21 теңге/Гкал, жылу энергиясын жеткізудің шекті тарифі 1 203, 06 теңге/Гкал деп көрсетілген. Сонда 2016-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімдік тарифтің орташа өсу көлемі 12-13 пайызды құрайды.

Жылу өндіруші монополист кәсіпорын басшылығы тарифті көтерудің тағы бір басты себебі: отын бағасының (тарифті түзудің негізгі бөлігін құрайтын) көтеріліп отыруында дегенді айтады. Тарифті көтеру коммуналдық қызмет тұтынушыларын үздіксіз жылу энергиясымен қамтуға, стансаның негізгі қорларын жаңартып, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік тудырмақ.

«Согра ЖЭО АЭС» ЖШС-нің алдағы төрт жылға арналып жасалып отырған инвестициялық бағдарламалары жобаларының құны 910 млн. теңге көлемінде. Ол қаржы негізгі, қосалқы құрал-жабдықтарды жаңартып, магистральды жылу жүйелеріне жөндеу жүргізуге жұмсалмақ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде