USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да Білім күнінде бірден 3 мектеп ашылды

ШҚО-да Білім күнінде бірден 3 мектеп ашылды

ШҚО-да Білім күнінде 3 білім ордасы ашылып, оқушыларды қабылдауда. Соның ішінде, Бесқарағай ауданының тарихында бірінші рет екі ауылда әрқайсысы 80 орындық қатарынан екі мектеп есігін айқара ашты. Жалпы ШҚО-да бүгінгі күні 33 білім мекемесі салынса, 13-і жыл соңына дейін тапсырылмақ, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Сонымен қатар бұл күні ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Глубокое ауданы Уварово ауылында мектептің ашылу салтанатына қатысты.

– Облыс аумағында жаңа білім мекемелерінің ашылып, оқушылардың көптеп мектеп есігін ашқаны халық санының өсіп келе жатқандығының айқын белгісі. Уварово ауылдық мектебі республикалық үздік мектептердің бірі. Сондықтан болашақта тек жаңа білім бағдарламасымен қатар, көптілділік бағдарламасының дамуына үлес қосасыздар деген сенімдемін, – деді Жақсылық Омар.

Бесқарағай ауданының Башкүл және Мостик ауылдарында заманауи құралдармен жабдықталған, әрқайсысы 80 орындық мектеп ашылды. Ал Өндіріс ауылында 25 орындық шағын орталық жұмысын бастады.

Айта кетсек, сондай-ақ, Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай аумағы 1000 ш.м. құрайтын «Бақыт» субұрқағы ашылған.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде