USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да жоғары көрсеткішке жеткен мұғалімдердің жалақысы өседі

ШҚО-да жоғары көрсеткішке жеткен мұғалімдердің жалақысы өседі

ШҚО-да қызметінде жоғарғы көрсеткішке жеткен орта білім беру мекемелерінің мұғалімдерінің жалақысы өседі. Бұл жайлы ШҚО әкімдігінің кезекті отырысы барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдей отырып, аталған жұмыспен айналысатын комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Сонымен қатар, келер жылы қаңтар айынан бастап, білім көрсеткіші төмендеген мектептерден «лицей» немесе «гимназия» мәртебесі алынады. Облыс басшысы тапсырғандай, комиссия құрамында педагог мамандармен қатар, профессорлар да болуы қажет.

– ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5% құрап отыр. Бірақ облыс аумағындағы 45 дәрежесі жоғары мектептің 21-нің көрсеткіші орташа болса, 14-інің көрсеткіші төмен. Ал қарапайым орта мектептердің көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Сондықтан, 2 айдың ішінде комиссия құрылып, бұл істі қолға алу қажет, – деді Даниал Ахметов.

ШҚО Ақпараттық орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде