USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Салымшылардың жинаған қаржысы сақталады

Салымшылардың жинаған қаржысы сақталады

Теңге еркін айырбас бағамына бет алысымен, Елбасы елімізде инфляция­лық таргеттеуге негізделген жаңа ақша-несие саясаты енгізі­летінін хабарлады. Экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын қабылдауды талап етіп отыр. Осыған орай Ұлттық банк пен Үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге шешім қабылдады. Бұл орайда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттердің мүддесін көздеп, Үкіметпен бірге бірқатар шара жасап жатыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шешім қысқа мерзім ішінде қабылдануы тиіс. Мұның әртүрлі тетіктері қарастырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тек қана салымшылардың мүддесіне қарай әрекет етеді және жинаған ақшасының сақталуы үшін барынша күш-жігер жұмсайтын болады.

Ақордада өткен кеңесте Елбасы Ұлттық Банкке екінші деңгейлі банктердегі халықтың депозиттерінде жатқан қаражатқа қатысты өтемақы тетіктерін әзірлеуді тапсырған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің маңыздылығын баса көрсетіп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларын ерекше атап өтті.

Қазіргі кезеңде 543 228 шарт бар. Салымдар 276 миллиард теңгеге жеткен. Бағамның өзгеруі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» жүзеге асыруға ықпал етпейді. Жергілікті атқару органдарымен шарт жасалған нысандар қаржыландырыла береді. Тұрғын үй бағасы теңгеде белгіленген. Орналасқан өңірлеріне байланысты, 1 шаршы метрдің бағасы 90 000–142 500 аралығында.

2015 жылда Шығыс-Қазақстан бойынша 861 пәтерлік 10 үй жоспарланып отыр. Барлық нысандар Өскемен қаласындағы 19 шағын ауданда орналасқан. Қазіргі таңда еліміздің Шығыс өңірінде 276 пәтер, яғни 5 үй бойынша пулға қатысуға өтініш қабылданып жатыр.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде