USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-да бал фестивалінде сатылымға 61 тоннаға жуық бал өнімі қойылады

ШҚО-да бал фестивалінде сатылымға 61 тоннаға жуық бал өнімі қойылады

2015 жылы 30 тамыз күні Өскемен қаласында бал фестивалінде ШҚО, Алматы, Павлодар облыстарынан жалпы саны 120 омарташы қатысып, 61 тоннаға жуық бал өнімі сатылымға қойылады. ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасында мәлім еткендей, шара қорытындысы бойынша, қатысушылар марапатталып, үздік омарташы анықталады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Өскемен қаласының орталық алаңына бірнеше шатыр құрылып, төмен бағамен, балауыз, балтозаң сынды бал өнімдерін төмен бағамен сатып алуға болады. Арнайы құрылған комиссия бал сапасына, сатып алушыларға көрсетілген қызмет сапасына және тағы басқа талаптарға қарай отырып, жеңімпазды анықтайды.

Сонымен қатар, фестиваль барысында «Алтай табиғатының сыйы» атты жәрмеңке өтіп, табиғи, сапалы көкөніс, жеміс-жидек, емдік шипалы шөп, тосап сатылымға қойылады.

Орталық алаңда түрлі сайыстар, ойындар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал солжағалау кешенінде «ШҚО омарта шаруашылығының мәселелері және болашағы» атты дөңгелек үстелі өтеді.

Айта кетсек, Өскемен қаласында бал фестивалін өткізу дәстүрі осыдан 15 жыл бұрын басталған. Бүгінгі күні республика бойынша балдың 72 %-ы ШҚО-да өндіріледі.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде