USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде негізгі тұтыну тауарларының бағасын арнайы штаб бақылауға алды

Өскеменде негізгі тұтыну тауарларының бағасын арнайы штаб бақылауға алды

ШҚО-да 50 мыңға жуық дәрі-дәрмек түрі мен азық-түліктердің бағасы тұрақты. Өскемен қаласында құрылған жедел штаб өкілдері күнделікті дәріханалар мен көптеп сату орындарында бақылау жүргізіп, бағаларды қадағалауға алды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жедел штабтың өкілі Майраш Екібасованың айтуынша, әзірше себепсіз бағаны күрт өсірген нысандар байқалмады.

– Штаб жұмысының алғашқы үшкүндігінде қала тұрғындарынан ешқандай баға өсімі бойынша шағым түспеді. Штаб мүшелері бағаларды бақылай отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Егер бағаны өсірген сауда орны анықталса, бірден монополияға қарсы комитетке хабарласып, шара қолдануын сұраймыз, – деді Майраш Екібасова.

Сонымен қатар, штаб облыс орталығында әр апта сайын өтетін жәрмеңкелердегі де бағаларды қадағалауға алады.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде