USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Баға өспейді және жұмысшылар қысқармайды

Баға өспейді және жұмысшылар қысқармайды

ШҚО кәсіпорындарында жұмысшыларды қысқарту болмайды және тұрмысқа қажетті өнімдерге баға өспейді. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасының басшысы Нұрлан Мусин мәлімдеді. Басқарма басшысы айтып өткендей, облыстық штаб құрылып, күнделікті тұрмысқа қажетті 33 өнім түрінің бағасын қадағалауға алынған, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Девальвация жергілікті халықтың әлеуметік тұрмыс жағдайына кері әсерін тигізбейді. Керісінше, облыс аумағындағы кәсіпорындардың жұмысы жаңа деңгейге көтеріледі.

- ШҚО-ның өнеркәсіп орындары көптеген қызметкерлерді жұмыспен қамтып отыр және ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда. Орын алған девальвациядан кейін, біздің жергілікті кәсіпорындар нарық саласында бәсекеге қабілетті бола түспек, - деді Нұрлан Мусин.

Басқарма басшысы айтып өткендей, егер теңге бағамын одан әрі ұстап тұрған жағдайда, өнеркәсіп жұмыстарына залалын тигізер еді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде