USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Демография мәселесі ШҚО-да талқыланады

Демография мәселесі ШҚО-да талқыланады

ШҚО-да «Talks 2050: Шығыс Қазақстан: бүгін, ертең» форумы барысында экология, демография саласына қатысты шешімін таппай келе жатқан мәселелер талқыланады. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры Қанат Әуесбай мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Форум 15 тамыз күні сағат 11:00-де Өскемен қаласы Сол жағалау кешенінің «Бір шаңырақ астында» атты мәжіліс залында өтеді. TED форматында өтетін форумға бірнеше спикер қатысып, облыс аумағындағы өзекжарды мәселелерді айтпақ. Аталмыш форум осы уақытқа дейін бірқатар қалаларда өткен.

- Форум көтерілген мәселелердің шешімін таппайды, шешімін табуға түрткі болады. Сонымен қатар, «Talks 2050» форумына қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін аймақты дамытудағы қай сала тиімді екенін, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау және негізгі қарқын мен күшті қайда жұмсау қажет екендігін біле алады, - деді Қанат Әуесбай.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде