USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алдағы маусымда ШҚО-да екі футбол клубы біріктіріледі

Алдағы маусымда ШҚО-да екі футбол клубы біріктіріледі

Жаңа маусымнан бастап, Өскемен қ. «Восток» және Семей қ. «Спартак» футбол клубтары біріктіріліп, жаңадан «Алтай» клубы құрылады. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикенов мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Қазіргі маусымды ойнап біткеннен кейін, екі клуб біріктіріліп дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына көшеді.

- Біріктіру барысында басшылар құрамы, команда құрамасы ауысып, оқу-жаттығу өткізуде отандық және шетелдік мамандар тартылады. Біздің ойымызша, жаңа клуб өзінің жанкүйерлерін жаңа жетістіктерімен қуанта алады, - деді басқарма басшысы Елдос Чикенов.

Дегенмен, «Восток» футбол клубы жабылып қалмайды. Клуб қарамағында құрылып жатқан академия құрамынан жаңа команда құрылып, жас ойыншылар «Алтай» футбол клубының тәжірибесі бойынша жаттығады.

Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін Семей және Өскемен қалаларының волейбол командалары бір құрамаға біріктірілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде