USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі танымдық фильмнің тұсауы ШҚО-да кесілді

«Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі танымдық фильмнің тұсауы ШҚО-да кесілді

Шығыс Қазақстан облысында Абай Құнанбайұлының 170 жылдығында «Абай әлемі» - www.abaialemi.kz атты тұңғыш энциклопедиялық порталының және «Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі танымдық фильмінің тұсауы кесілді. Биылғы жылғы мерейтойда Абайды танытуға және ұлағатын сезінуге басты екпін жасалуда, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

«Абай әлемі» атты тұңғыш энциклопедиялық порталы Елбасының қолдауымен, Мемлекеттік тілді дамыту қорының тапсырысымен ашылған. Жоба аясында «Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильмі түсіріліп, көрерменге жол тартты. Игі бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілікті сақтауда және дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін табысталған әлемдік «Жібек Жолы» сыйлығының қаражатына жүзеге асырылған. Деректі фильмді түсірген «Серпер» жастар сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезек пен «Tengri Films» кинокомпаниясы. Жаңа туындыда көрермен қауым Абайдың жаңа қырын біліп, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен танысады.

- Абайдың 170 жылдығын өткізуде негізгі екпінді мағыналық, тәрбиелік жағына қоюдамыз. Елбасымыз «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз» деп айтып өткен. Осы орайда Абай шығармаларын көптеген тілдерге аударып, тың мәліметтер жинап, халыққа таратып, жастардың санасына сіңіріп, Абайды дәріптеу арқылы, қазақ халқын дәріптейміз. Сондықта, биылғы 170 жылдық мерейтой осымен ерекшеленеді, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Ж. Омар.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев айтып өткендей, портал мектеп оқушыларын, студенттерді, абайтанушы- ғалымдарды және Абай шығармасын аударған шетелдік аудармашыларды Абайдың рухани әлеміне біртабан жақындатады.

- Біздің Қор қазіргі заман мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, әлемнің қай түкпірінен болмасын қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлға туралы ақпарат алуға тілек білдірген адамның қажетті мәліметті табуына мүмкіндік беретін осындай тұңғыш интернет-порталды іске қосып отыр, - деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры А. Шауеев.

Семей қаласында өткен тұсаукесер рәсіміне шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философ, тарихшылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәжімалаған шетелдік аудармашылар қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: абай құнанбаев
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде