USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ҰОС және Ауған соғысы жылдары қаза болғандарға арналған саябақ ашылды

ҰОС және Ауған соғысы жылдары қаза болғандарға арналған саябақ ашылды

Шығыс Қазақстан облысында ҰОС және Ауған соғысы жылдары қаза болғандарға арналған саябақ ашылды. Жалпы құны 40 млн. теңге құрайтын саябақ кәсіпкерлердің қолдауымен салынып, Ұлан ауданының тұрғындарына табысталды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Сұрапыл соғыс құрбандарын еске алуға арналған саябаққа мәңгілік алаумен қатар, «Тырналар» деп аталатын ескерткіш-монументі және ауданнан шыққан Халық Қаһармандары мен ҰОС бастырларының бюсті орналастырылған. Салтанатты рәсімде аудан тұрғындарын ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

- Биылғы жылы облысымызда Жеңістің 70 жылдығы кеңінен атап өтіліп, аудан-қалаларда осындай кешендер ашылуда. Бұл ең бастысы болашақ жастарға, өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі мол кешен болмақ. Сондықтан, саябақтың тұрғызылуына күш салып, қаржы жұмсаған кәсіпкерлерге облыс басшылығы атынан алғыс білдіремін, - деді Ж. Омар.

Шара барысында «Халық Қаһарманы», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерді түрлі дәрежедегі төсбелгілермен марапаттады.

- ҰОС жауынгерлері әлемді фашистерден азат етті. Ауған соғысының жауынгерлері шайқаста қаза болып, есте қалды. Біз, батыр елдің ұрпақтары ата-бабамыздан қалған жерге ие болдық. Құтты еліміз болашағы және бақыты бар ел. Ендігі міндет, осы елдің жастарының қолында, - деді Б. Ертаев.

Айта кету керек, 2013 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ұлан ауданының әкімдігі кәсіпкер, Ауған соғысының ардагері Қайрат Мусинмен саябақтың құрылысы жайлы меморандумға қол қояды. 2014 жылы «Халық Қаһарманы», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев саябақтың алғашқы тасын қалап, құрылыс жұмысы басталған болатын.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде