USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Қазақстан үміті» республикалық веложарысы басталды

«Қазақстан үміті» республикалық веложарысы басталды

ШҚО-да «Қазақстан үміті» республикалық веложарысы басталды. Облыста екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстанның бірқатар облыстарымен қатар, Ресей Федерациясы Новосибирск қаласынан да велошабандоздар келген.

Жарысқа қатысушылар Өскемен қаласынан бастау алып, 16-24 шілде аралығында Глубокое, Ұлан аудандарының тасжолдарын басып өтпек. Байрақты бәсекеде жеңіске жетуді көздеген велошабандоздарға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сәттілік тіледі.

- Өздеріңіз білесіздер, елімізде спорттың қай түрі болмасын қарқынды түрде дамып келеді. Соның ішінде велоспорт саласы да дамып, жоғары нәтижиелерін көрсетуде. Еліміздегі «Астана» велоклубын осы уақытқа дейін тек Орта Азия ғана емес, бүкіл әлем мойындаған. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық велоспортшы Александр Винокуровтың жетістігіне қарап, Қазақстанда велоспорттың қалыптасқан дәстүрлі мектебі бар екендігін байқаймыз, - деді Ж. Омар.

8 күнге жалғасатын бәсекеде халықаралық дәрежедегі төреші Рашид Хакимов жетекшілік етеді.

Республикалық жарысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және ШҚО әкімдігінің Білім басқармасы өткізуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде