USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-ның орталық мешітінде Ораза айт намазына 5 мыңға жуық адам қатысты

ШҚО-ның орталық мешітінде Ораза айт намазына 5 мыңға жуық адам қатысты

Шығыс Қазақстан облысында таңсәріден Халифа Алтай атындағы орталық мешітке айт намазын оқу үшін жамағат ағылды. Қасиетті жұма күніне сәйкес келіп отырған мерекелік намазға 5 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Орталық мешітке келіп, Аллаға құлшылық жасап, ниет еткен жамағатты Ораза айт мерекесімен облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

ШҚО-ның орталық мешітінде Ораза айт намазына 5 мыңға жуық адам қатысты

- Кеше ғана аяқталған қасиетті Рамазан айы адам баласын мейірімділікке, бауырмалдылық пен сабырлыққа тәрбиелейтін, жаман әдеттерден тиятын ғибадат. Бұл мереке исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылықтарын сақтаған, кең пейілді жақсылық пен бейбітшіліктің көрінісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында, Қазақстанда тұратын этностар мәдениеті, тілі және ділінің әртүрлі екендігіне қарамастан, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Қасиетті Ораза айт мерекесі ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен имандылық әкелсін, - деді Д. Ахметов.

Ораза айт мерекесі мұсылман қауымы үшін ерекше мерзім, айлардың сұлтаны - Рамазан айының аяқталуы болып табылады. Үш күнге созылатын мерекеде халық бір-бірінің үйінен дәм тәтіп, реніштерін ұмытып, татулыққа шақырады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде