USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Соңғы жеті жылда 460 Нұрсұлтан дүниеге келіпті

Соңғы жеті жылда 460 Нұрсұлтан дүниеге келіпті

Ырымшыл халқымыз ту ұстап, еліне қорған, өз ұлтының арқа сүйер азаматы болған ерлеріміздің есімін ұлықтап, ардақтап қана қоймай, ұрпағына, ұл-қызына солардың есімін береді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін үлгі етіп ырымдап, ұлдарына берген отбасылардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Елбасының есімін алған ұлдардың алды бүгінде отау құрып, еңбекке араласып, Отанға қызмет етіп жатса, арты әлі жөргекте жатыр.

ШҚО әділет департаменті АХАТ бөлімінің бізге берген мәліметтеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстанда тек соңғы жеті жылда, 2008 жылдан бері 460 сәбиге Нұрсұлтан есімі беріліпті. Аймақтағы мектеп мұғалімдері оқушы Нұрсұлтандардың көпшілігінің сабақ үлгерімі жақсы екендігін, зеректігін, олардың өнерден, спорттан да құралақан еместігін мақтанышпен айтады. Бұл заңды да. Өйткені, Елбасы есіміне кір келтірмеу әркімге зор жауапкершілік жүктейді.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде