USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Новосібір мен Өскемен қалалары арасында әуе рейсі ашылды

Новосібір мен Өскемен қалалары арасында әуе рейсі ашылды

Енді әр аптаның дүйсенбісі сайын Шығыс Қазақстан облысы орталығынан Новосібір-Өскемен бағытындағы халықаралық әуе рейсі қатынайтын болды. Аталмыш бағыттағы алғашқы ұшақ Өскемен әуежайына 22 маусым күні келіп қонды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресейдің «S7» әуе компаниясының ұшақтары Өскемен-Новосібір бағытында, сонымен қатар, Өскемен-Мәскеу маршруты бойынша жолаушы тасымалдап келе жатқанын естеріңізге сала кетейік. Өскеменнен Мәскеуге аптасына төрт мәрте әуе рейстері жасалады. Осы компанияның Орта Азия елдеріндегі өкілі Евгений Чернышевтың айтуынша, жаңа рейстің ашылуы жолаушылардың Өскеменге жетуін жылдамдата және жеңілдете түспек.

Новосібірден тура ұшатын қалалар реті осымен үшінші болып отыр екен. Өскеменнен басқа, Алматы және Шымкент шаһарларына тікелей рейстер бар. Ал Мәскеуге Семей және Павлодар қалалары арқылы «S7» әуе компаниясының ұшақтарымен тура ұшуға болады.

«Өскемен-әуежайы» АҚ директоры Николай Короленконың айтуынша, Новосібір қаласы - сібірдегі барлық көлік желілері бір торапқа тоғысқан үлкен хаб.

- Енді жерлестерімізге осы мүмкіндікті пайдаланып, Ресейдің ішкі рейстерін айтпағанда, Қытай мен Тайландқа осы жерден ұшуға болады. Өскемен-Новосібір әуе бағыты жазғы демалыстар уақытында көп пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар, жұмысбасты іскер азаматтар үшін де бұл рейстің көмегі көп. Әзірге ұшақтар аптасына бір-ақ рет ұшады. Кейін жағдайға қарай әуе рейстерінің санын ұлғайтуымыз да мүмкін,-дейді Өскемен әуежайының директоры.

Өскемен-Новосібір әуе рейсі еуропалық Airbus A320 комфортабельді ұшақтары арқылы жүзеге асырылады. Ұшақтың сиымдылығы 158 жолаушығы арналған. Ең төменгі билет құны - 21 541 теңге.

- Бұл өскемендіктер үшін өте ыңғайлы болып тұр. Қыста жол болмай қалуы мүмкін. Қатты аяздарда алыс жолға автобуспен шығу да қауіпті. Студенттер үшін де жақсы болды, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Светлана Морозова.

Новосібірден ұшып шыққан әуе көлігі Өскемен әуежайына әр аптаның дүйсенбісі сайын кешкі сағат 16.20-да қонады. Кейін қарай тура бір сағаттан кейін, яғни 17.20-да ұшады. Ұшақтың Новосібірге қонатын уақыты - 18.55.

Бұл әуе рейсінің ашылуына өскемендіктер де, новосібірліктер де өте қуанышты. Енді іссапармен де, туған-туысқандарына қонақтап баратындар да діттеген жерлеріне шаршамай, тез баратын болады.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде