USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай көрме ашылды

Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай көрме ашылды

Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында «ART SAPAR OF KAZAK ELI» атты көрме ашылды.

Бұған дейін бұл көрме Павлодар, Семей, Ақтөбе, Атырау, Қостанай қалаларында өткізіліпті. Аталмыш көрмені ұйымдастырушы Анар Әубәкірдің айтуынша, бұл қазақ еліндегі алғашқы жылжымалы көрме екен.

- Біздің мақсатымыз - ұлттық құндылықтарымызды өнердің бейнелеу, мүсіндеу өнерлері арқылы насихаттау. Тарихымыздың тереңінен сыр шерту, - дейді Анар Әубәкір.

Бұл көрмеге еліміздің әр аймағынан 13 жас суретшінің туындылары қойылған. Олардың барлығы халықаралық көркемсурет жобаларының қатысушысы және жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері екен.

Жиын барысында Анар Әубәкір шеберлік сабақтарын өткізіп, сол мезетте қобыздың қоңыр даусымен «Қоңыр дала» атты жаңа туындысын салып шықты.

- Бұл туындылар көңілге қонымды. Қарап отырсақ, суреттерден қазақи болмысты, еліміздің тарихын, салт-дәстүрін айқын байқауға болады, - дейді көрмені тамашалауға келген студент Динара Үмітқызы.

Айта кетейік, Абайдың 170 жылдық мерейтойнына арналған аталмыш көрме бір ай бойы жұртшылықтың назарына ұсынылады.

Баян Мұратқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде