USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алты елдің жауынгерлері бірлесе жаттығып, тәжірибе алмасты

Алты елдің жауынгерлері бірлесе жаттығып, тәжірибе алмасты

Өскеменде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлігі бөлімшелері басшыларының жедел жиыны өтті.

Басқосу шарт ұйымында арнайы күштердің дайындығын шыңдау, жаңа әдістер мен формаларды меңгеру және қалыптастыру, ішкі істер министрлігінің бөлімшелері арасындағы мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ұйымдастырылды.

Аталмыш шара жедел жиынға қатысушылардың Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге Ресей, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан өкілдері қатысып, алты елдің Әнұраны шырқалды. Артынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының базасында «Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының құрамына кіретін жедел әрекет ететін ұжымдық күш, олардың құрамы мен тапсырмалары. Арнайы тапсырмаларды орындау үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мүшелерінің дайындықтарын одан әрі шыңдау» атты баспасөз мәслихаты өтті. Жан-жақтан жиналған журналистер қауымының сұрақтарына Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов және полковник Мұхаметқали Сатов жауап берді.

Валерий Семериков: «Жиналуымыздың бірден-бір себебі ұйым әскерінің дайындығын тексеру болатын. Нәтижесінде әскеріміздің алға қойылған жаттығулар кешенін толық меңгергенін байқадық», - деді. Мұхаметқали Сатов: «Ұйымның басты міндеті - ұйымға мүше елдердің территориясындағы экстремизм мен терроризм әрекеттерінің алдын алу», - дейді.

Сондай-ақ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 5518 әскери бөлімінің оқу орталығында жедел әрекет ететін ұжымдық күш басшылық құрамымен арнайы-тактикалық және денешынықтыру дайындығы, жауынгерлік жаттығуларға байланысты кешенді тапсырмаларды атқару, тәжірибелік сабақтар өткізу ұйымдастырылды.

Жансая Қамбарова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде