USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Студенттердің Берел қорғанындағы археологиялық экспедициясы басталды

Студенттердің Берел қорғанындағы археологиялық экспедициясы басталды

Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Тарих, халықаралық қатынастар және құқық» факультеті деканының орынбасары, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Құралай Жирендинованың жетекшілігімен аталмыш ЖОО-ның тарих мамандығы студенттерінің кезекті археологиялық экспедициясы басталды. Олар Берел қорғанындағы соңғы қорымды зерттемек.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың баспасөз қызметіннің хабралауынша, студенттер тобы өткен жылдардан бері сонау көшпенділер заманынан сыр шерте бастаған теңдесіз жәдігерлер мен сенсациялық артефакттар табылған Берел ауылы маңына орналасты.

Археологиялық оқу іс-тәжірибе жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың келуі бұл қазу жұмыстарының облысымыз үшін ғана емес, барша еліміз үшін маңыздылығының көрсеткіші. Аймақ басшысы археологиялық қазу жұмыстары атқарылып жатқан жермен, қазіргі экспедиция мақсаттары және міндеттерімен танысты.

Студенттердің Берел қорғанындағы археологиялық экспедициясы басталды

- Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы Үлкен Алтай кеңістігі, аймақ тарихы үшін зор мәнге ие, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Профессор Альбина Жанбосынова экспедицияға қатысушылар сонау көшпенділер заманы бүрмеуін ашатын жаңа теңдесіз жәдігерлер табылуына дәмелі екендігін жасырмады. Сондай-ақ, ол осы жазда Алтайтану ғалыми-зерттеу орталығы базасында «Жас археологтар мектебі» ашылатындығын да айта өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде