USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

2015 жылдың 26 мамыры күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен шыққан Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағының тұсакесері өтті. Жинақты құрастырған «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары, жоба жетекшісі - филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетов. Аталған жинақ Ахат Шәкәрімұлының 115 жылдығына орай шығып отыр. Жинақ Ахат ақынның қолжазбалары негізінде құрастырылып, өлеңдеріне алғаш рет ғылыми түсінік берілді. Жинаққа ақынның 295 өлеңі мен 5 поэмасы енді.

Аталмыш жинақ «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен жарық көрген бесінші кітап. Бұған дейін «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен Шәкәрім ақынның 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан шыққан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» және 1924 жылы жарық көрген «Дубровский әңгімесі» аудармасының факсимилдік басылымдары жарық көрген еді.

«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының маманы
Канапиянова А.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде