USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Футбол академиясы құрылады ШҚО-да

Футбол академиясы құрылады ШҚО-да

Спорт саңлақтарымен кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов өңірде алдағы уақытта Футбол академиясы құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Өңір басшысының айтуынша, бұл қадам ШҚО ғана емес, Қазақстанның футболын әлемдік аренада биік белеске көтеруге сеп болмақ. Жақын арада академия облыс орталығында құрылатын болады. Оның ойдағыдай ұйымдастырылуы мен толыққанды жұмысы үшін шетелден мамандар тартылғалы отыр. Қазіргі уақытта испан немесе неміс футболының жарқын тәжірибелерін қолдану мәселелері қарастырылуда. Жоспар бойынша, шетелден келген жоғары білікті мамандар 5 жыл бойы дарынды спортшыларды дайындап, шеберліктерін өзіміздің жаттықтырушылармен бөлісетін болады.

– Біз ең алдымен балалар футболын дамытпай ешқашан биік белестерді бағындыра алмаймыз. Әлемдік тәжірибе осыны көрсетіп отыр. Академия құрылып, жоспар бойынша жұмыс істесе біздің балалар жоғары кәсібилікке, жоғары білімге, сапалы медициналық қызметке ие болады. Біз тек қана ірі спорттық сайыстардың жеңімпаздарын ғана емес, ең бірінші өз Отанымыздың жігерлі азаматтарын тәрбиелеп, жетілдіруге ниеттіміз, – деді облыс әкімі.

Ескере кетерлігі, аталмыш бағыттағы жұмыстар самбо, бокс, дзюдо сынды спорт түрлерінен де жүзеге асырылатын болады. Ал Риддер қаласында ауыр атлетика бойынша мамандандырылған мектеп салынбақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде