USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Баспа БАҚ-тарына жазылған тұрғындарды жеңілдіктер мен сыйлықтар күтіп тұр

Баспа БАҚ-тарына жазылған тұрғындарды жеңілдіктер мен сыйлықтар күтіп тұр

ШҚО-да «Қазпошта» АҚ ШҚОФ ұйымдастыруымен «Жазылушылар күні» акциясының салтанатты ашылуы өткізілмек. Акция барысында «Қазпошта» АҚ қызметкерлері «Жазылушылар күні» баспа БАҚ-тарына жазылған тұрғындарға жеңілдіктер қарастырып, бағалы сыйлықтар табыс етуді жоспарлауда, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шығыс Қазақстанның облыстық және қалалық газеттері мен журналдары өңір халқы үшін өз қажеттілігін жоғалтқан жоқ. Ал алда келе жатқан «Жазылушылар күніне» орай оқырман қауымға баспа БАҚ-тарына арзан бағамен жаздыруға мүмкіндік туып отыр. 28 мамыр күні сағат 10.00-17.00 аралығында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылатын акцияда оқырмандарға жеңілдіктер мен арнайы сыйлықтар ұсынылмақ.

Айта кетерлігі, облыстық және қалалық БАҚ бүгінгі күні облыс тұрғындарын сапалы әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп отыр. Әр баспада өзінің онлайн-үлгісі бар. Сонымен қатар, оларға жергілікті билік органдары барынша қолдау көрсетіп келеді.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың екінші тоқсанына керекті газетке немесе журналға жазылу үшін жеңілдіктер қызметі 20-23 мамыр аралығында барлық пошталық байланыс бөлімшелерінде жалғасатын болады.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде