USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО-ның барлық мұражайларында «Мұражай түні» онкүндігі өткізіледі

ШҚО-ның барлық мұражайларында «Мұражай түні»    онкүндігі өткізіледі


18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай, ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарының мұражайларында 18-28 мамыр аралығында «Мұражай түні» онкүндігі өткізіледі, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Акцияның негізгі мақсаты – тірлік қамымен күндіз келуге бос уақыты болмаған адамдарды мұражайға тарту, тарихи және мәдени құндылықтар туралы терең мағлұмат беріп, жастардың танымын кеңейту. Шара аясында Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай, ел іргесін бекіткен хандар мен сұлтандардың, батырлардың өмірі, мұралары жайында ақпараттандыру кең ауқымда жүзеге асырылмақ. Келем деушілерге түнгі 23.00-ге дейін мұражайлардың есігі ашық. ШҚО Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, акцияға Өскемен қаласынан Облыстық өнер мұражайы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Семейден Облыстық Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы сынды ірі ошақтардың қызметкерлері бір-біріне экскурсияға барып, тәжірибе алмасады.

Мұражайға келем деушілерге экскурсиямен қатар, мәдени орындарда арнайы концерттік бағдарламалар ұсынылмақ. Мәселен, облыс орталығындағы Облыстық өнер мұражайында суретші және спортшы Вадим Салманханов аэрографиядан шеберлік сыныбын өткізіп, спорттық билер мен спорттық әндер орындалатын кеш ұйымдастырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде