USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауызсуды тұздау әдісімен тазартпақ

Ауызсуды тұздау әдісімен тазартпақ

Өскеменнің су арнасы ауызсуды агрессивті хлорлау әдісінен бас тартуды жоспарлап отыр. Ескірген технологияның орнына коммуналдық қызмет мамандары арнайы таблеткаларға басымдық бермек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әзірге дәл осындай әдіспен тазартылған суды Ертістің сол жағалауы ықшамауданының тұрғындары ғана тұтынуда. Естеріңізге салайық, облыс орталығындағы жаңаланған ең алғашқы сутартқысының жұмыс істеп тұрғанына осымен бес жыл болды. Жаңа әдістің артықшылықтары көп екенін байқаған мамандар енді оны шаһардың өзге ықшамаудандарында да қолданбақ.

- 2011 жылы инвестициялық бағдарлама аясында «Элеватор» сутартқысында ауызсуды залалсыздандыратын германдық электролиз қондырғысын орнатқан болатын. Бұл жүйе таблетка түріндегі тұзды қолдануға негізделген. Газ тәріздес хлорға қарағанда аталмыш қоспа суды әлдеқайда жақсы залалсыздандырады. Алдағы уақытта қаладағы барлық сутартқысына осы жүйені енгізбек ойымыз бар, - дейді «Өскемен су арнасы» кәсіпорнының директоры Ержан Әубәкіров.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде