USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қасым Қайсеновке ескерткіш қойылады

Қасым Қайсеновке ескерткіш қойылады

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ кентінде Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновке ескерткіш қойылады. Жуықта салтанатты жағдайда партизан жерлесімізге арналған ескеркіштің іргетасы құйылды.

Атап өтер жайт, батыр мүсіні кенттегі орта мектеп ғимаратының алдындағы алаңқайға орын тебеді. Ескерткіш іргетасының құйылуына байланысты өткен салтанатты шараға жергілікті тыл ардагерлері, мектеп оқушылары мен кент тұрғындары қатысты.

Жиында ШҚО Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Р.Мамырбаева мен Асубұлақ кенті ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.Савельева құттықтау сөз сөйлеп, ескерткіш қазығын қақты.

Тәрбиелік маңызға толы игі шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде