USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жеңілдетілген автонесиелер бағдарламасының тиімділігі көп

Жеңілдетілген автонесиелер бағдарламасының тиімділігі көп

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов «Бипэк Авто - Азия авто» компаниялар тобының басшылығымен кездесу өткізіп, жеңілдетілген автонесиелер бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл жайлы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде аталған автомобиль холдингі жеңілдетілген автонесиелер мемлекеттік бағдарламасының аясында биылғы 22 сәуірден бастап көліктерді сатуға кірісіп кеткен көрінеді. Отандық автокөліктерді қазақстандықтарға тиімді бағамен сатуды қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 15 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жаңа бағдарламаның арқасында ел тұрғындары автомобильдерді тиімді жағдайда сату алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Несиеге қызмет көрсетудің номиналдық ставкасы жылдық стваканың 4 пайызын құрайды (тиімді ставка 7,5 пайыздан аспайды). Алғашқы жарна көлемі - сатып алынатын автомобиль құнының 10-нан 20 пайызға дейінгі шамасында. Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін. Жалғыз ғана шектеу - автомобильдің бағасына байланысты. Ол 5,6 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Аталған бағдарлама аясында қазақстандықтар Өскеменде құрастырылған көліктердің 24 моделін сатып алу мүмкіндігіне ие болған. «Азия Авто» тарапынан берілетін несиенің ай сайынғы ең төменгі төлем мөлшері 23,4 мың теңгені құрап отыр.

«Бипэк Авто - Азия авто» компаниялар тобы өкілінің айтуынша, аталған бағдарламаның әлеуметтік маңызы зор. Өйткені, бұл бағдарлама қазақстандықтардың қарыздануының үлес салмағын төмендетіп отыр.

Аймақ басшысы өз сөзінде жаңадан бастау алған бағдарламаның отандық экономика үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бағдарлама Шығыс Қазақстан аймағының экономикасын дамытуға айтарлықтай игі ықпал етеді. Өйткені, отандық автомобильдердің 79 пайызы «Азия Авто» АҚ-да өндіріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде