USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бауыржан Момышұлының таяғының ізімен

Бауыржан Момышұлының таяғының ізімен

Қазақ тарихының бірегей жәдігері - Бауыржан Момышұлының өткен ғасырда Рауль Кастродан сыйлыққа алған таяқ, қаламыздың тұрғыны Құрманғалиевтар отбасының жәдігеріне айналғанын сырттай естіп білген Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Нұғманұлы, музей қызметкерлері Г.Төртенова мен П. Уколов тарихи жәдігер сақтап отырған Құрманғалиевтар үйіне барған еді. Ондағы мақсат Бауыржан Момышұлының осы отбасына сыйға тартқан таяғын Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында музей экспозициясына қою үшін сұрау болатын.

Құрманғалиева Оразғайша апайдың айтуынша, даңқты қолбасшының таяғы оған апайынан қалған аманат екен (1-ші суретте). Ол апайы гастрольдік сапармен Мәскеуде жүргенде, Бауыржан Момышұлымен кездейсоқ жолығып қалады. «Ол Баукеңді қонақ үйде көріп, Ассалаумағалейкум,- деп сәлем береді. Мен сізді танимын сіз біздің мақтанышымыз, даңқты бабамызсыз, сізбен мақтанамыз дегенде ол Мәскеуде қазақ қызын көріп, таң қалыпты. Ол менің апайымнан әкең бар ма? - деп сұраған екен. Содан кейін өзінің қолындағы таяғын әкеңе апарып бер - деп апайымның қолына ұстатыпты», - дейді әңгімесінде О.Құрманғалиева.

Бауыржан Момышұлының таяғының ізімен

Оразғайша апай фото-альбомдағы Бағдат апайының (2-ші суретте) бірнеше фото-суреттерін көрсетіп, таныстыра отырып әңгімесін жалғастырды. Сонау 1963 жылы Бауыржан Момышұлы Кубадан қайтып келе жатқан еді. Аталмыш таяқты ел бас қолбасшысының орынбасары Рауль Кастро сыйға тартқан екен. Ал одан кейін Бауыржан Момышұлы таяқты «Ақжар» ансамблінің артисі 26 жасар Рахметова Бағдатқа қайта сыйлайды. Осылай бірнеше жыл Құрманғалиевтар отбасы сақтап келген жәдігерді 2010 жылы Бағдат апайдың Қостанай облысында тұратын ұлы Даулетке табыстағанын айтты. Өйткені таяқты өзім сақтаймын -деп апайына уәде берген Оразғайша апай бұл отбасылық жәдігердің тек Бағдаттың балалары мен немерелеріне аманат болып қалатынын айтты. Өкінішке орай Кеңес Одағының батырының таяғы Бағдат апайдың Қостанай қаласында тұратын ұлы Бейбіттің қолында екен. Алдағы уақытта бұл құнды жәдігер музей экспозициясынан өз орнын табады деп сенеміз дейді Семейдің Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы Г.Ш. Тортенова

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Бауыржан Момышұлы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде