USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталары ШҚО ардагерлеріне табысталды

«Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталары ШҚО ардагерлеріне табысталды

Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, ШҚО-ның ҰОС ардагерлеріне «Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталары табысталды. Салтанатты жиында ардагерлер шараға арнайы келген мерзімді әскери қызметке шақырылушы бір топ шығысқазақстандық жас өрендерге сәт сапар тіледі, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Өскемен қаласының этноауылындағы 109 Кеңес одағының батырына арналып салынған музей-қорығы кешенінде ұйымдастырылған шараға ҰОС ардагерлерімен бірге, үрмелі аспаптар оркестрі және белгілі 5518 әскери бөлімінің музыкалық тобы, 27943 әскери бөлімінің әскерилері мен әскерге шақырылушылар қатысты. Салтанатты жиында Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы Әділет Сақауов ардагерлерге «Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталарды табыс етті.

- Біз сіздерге бейбіт заман үшін мәңгілік қарыздармыз. Сіздердің баға жетпес ерліктеріңіз бен өрліктеріңіз әскер қатарына алынған әр сарбазға үлгі болары сөзсіз, - деген Ә. Сақауов әскер қатарына алынған болашақ сарбаздарға да сәттілік тіледі.

Шара барысында 27943 әскери бөлімінің барлау ротасының десанттары Қазақстан сарбаздарының мықтылығын танытты. Қарумен де, жекпе-жек ұрыста да жеңімпаз болып шығудың үлгісін көрсеткен сарбаздар көрермендерді шеберлігімен тәнті етті. Жиын соңында облыстық филармонияның сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі Вячеслав Ткач ардагерлерге арнап ән шырқады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жеңіс куні
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде