USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұлы Жеңіске арналған жылжымалы көрме балаларға ұсынылды

Ұлы Жеңіске арналған жылжымалы көрме балаларға ұсынылды

«Есімізде, мақтан етеміз!», «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!» деген тақырыптармен Шығыс Қазақстан өнер мұражайының мамандары облыс орталығының мектептерін аралап, жылжымалы көрмелер өткізіп, Жеңіс мерекесі қарсаңында оқушыларға соғыстың сұрапылы туралы, ондағы аға ұрпақ өкілдерінің, тыл еңбеккерлерінің ересен ерлігі жайында әңгімелеп, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеуге өздерінің елеулі үлестерін қосып келеді.

Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ұрпақ - ерекше ұрпақ, жеңімпаздар ұрпағы, батырлар ұрпағы. Ересен құрбандыққа ұшырай отырып, олар Жеңіске жетті. Бүгінгі өркениет фащизмнен құтқарғаны үшін советтік азат етуші жауынгерлер алдында қарыздар. Ұлы Отан соғысына қатысқандар шегі жоқ қасіретті әсерлерін ешқашан ұмыта алмайды.

Соғыс - жеке адамның өмірі үшін де, бүкіл ел үшін де өлшеусіз қасірет. Мұны жас ұрпақ та жадынан шығармаулары тиіс. Отан үшін өмірлерін қиған миллиондаған жауынгерлер, жарымжан тағдырлар, аса ауыр әлеуметтік зардаптар - сонау сұрапыл жылдардың күні бүгінге дейін төбе құйқаңды шымырлатар «мұрасы». Міне, осындай «мұраларды» - өткен соғыстың қасіретін жерлес суретші - майдангерлер Н.П.Долбилкин, А.Н. Лаврушин, Б.И. Французов қылқаламдары арқылы шеберлікпен бейнелеген еді. Олар соғысты өз көздерімен көрді және өз әсерлерін кескіндемелік шығармаларында шынайылықпен көрсете білді. Жылжымалы көрмедегі ол еңбектермен танысу оқушыларға соғысты «ішкі жағынан», адами драмаларды ашу арқылы көруге мүмкіндік бергендей әсер етті. Оқушылар, сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Қасым Қайсенов сынды батырлар туралы да көптеген тың деректерге қанық болды.

Өнер мұражайының экспозициялық-көрме бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Капсанова мен осы бөлімнің маманы Маржан Бахтиярова осы жылжымалы көрмелерімен Өскемен қаласындағы № 23, 15, 19, 4, 17, 10, 39, 28 орта мектептерін аралап, оқушыларға осы тақырыптағы әр суреттің тарихы мен мәнін аша отырып, авторлары жайында қызғылықты деректер келтіріп, Жеңіс мерекесінің мағынасы туралы әңгімеледі. Мұражайдың жылжымалы көрмесі әлі де өзінің сапарын жалғастыра бермек.

Айтмұхамбет Қасымов
журналист, ШҚ өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ұлы отан соғысы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде