USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бердібек Сапарбаевты шығысқазақстандықтар қошеметпен қарсы алды

Бердібек Сапарбаевты шығысқазақстандықтар қошеметпен қарсы алды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өңір халқына ұмытылмас әсер қалдырды. Аймақ халқын қуантқан тағы бір жай - Елбасымен бірге делегация құрамында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың келуі. Себебі, Елбасы бас сұққан бір емес, екі бірдей ірі әлеуметтік нысанның құрылысы Б.Сапарбаевтың ШҚО әкімі болып тұрған тұсында басталған болатын.

Бердібек Сапарбаевты өскемендіктер Драма театрда қошеметпен қарсы алды. Өскемендегі ірі мәдени ошақ пен Семейдегі онкологиялық орталықтың құрылысын бақылап, мердігерлерді тартқан да, бюджетті қарастырған да Б.Сапарбаевтың өзі болғаны белгілі. Драма театрдың ашылу салтанатында өскемендіктер экс-әкімнің облыс үшін сіңірген толағай еңбегіне ырзашылығын білдіріп, алғыс-тілектерін арнады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ШҚО жұмыс сапары барысында аталған нысандармен қатар, «Казцинк» ЖШС 7 мың металлургімен кездескен болатын. Сондай-ақ, Елбасы Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайын аралап, «Кондиз» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Бердібек Сапрабаев
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде