USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ардагерлер ардақталды

Ардагерлер ардақталдыЕкінші Жаһан соғысы осыдан 70 жыл бұрын аяқталғанымен оның салған жарасы талай жүректе әлі де бар. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Осылардың қатарында майдан мен тылда жанкешті еңбек еткен жармалықтар да бар. Оларды аудан жұртшылығы үнемі құрмет тұттып, мақтан етеді. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді. Қой жылы Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығы бүкіл әлемде кеңінен тойланып жатыр. Осы мерекелік шараға сәйкес ШҚО түрлі іс-шаралардың жүзеге асып жатқанының куәсі болып отырмыз. Жақында аудан орталығы Калбатау ауылында аудан әкімі Ә.Мұхтарханов өңірде тұратын Еліміздің қаһарман батырлары мен тыл еңбеккерлерін мерейтойлық медальдармен марапаттады. Осы мерейлі шараға қатысушылар бір жасап қалды десек артық айтпаспыз.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде